Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

AstanaTV
02.08.2019ж. 20:00
2532
«Астана» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

«Астана» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты. Роман Григорчук шәкірттері жауапты кездесуде андорралық «Санта-Колома» клубын 4-1 есебімен тізе бүктірді. 1-ші таймның қорытындысы бойынша келесі кезеңге андорралық клуб өтіп тұрған, бірақ ойынның 60-шы минутында алаңға шыққан Марин Томасов хет-трик жасап, "Астананы" келесі кезеңге "сүйреп алып шықты". Еске сала кетсек, екі қоманданың алғашқы ойыны Андоррада 0-0 есебімен аяқталған еді. Енді «Астана» Мальтаның «Валлетта» командасымен кездеседі. Ал алматылық «Қайрат» және шымкенттік «Ордабасы» қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ә. Өмірзақ