Негізгі / Жаңалықтар / Арыста жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Арыста жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Бүгін Арысқа жұмыс сапарымен барған премьер-министр Асқар Мамин осындай тапсырма берді. Қазір жұмыстың 90%-дан астамы аяқталды. Апат кезінде шаһарда 7 жарым мың жеке үй бүлінген. Оның көбі жөнделген. Қалған 905 үйді жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталу қажет. Ал 67 көп қабатты үйді қалпына келтіру 20 тамызға дейін аяқталауы тиіс. Премьер облыс әкімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Арыс қаласының және қала маңындағы елді мекен тұрғындарына бір реттік өтемақы төлеу жұмыстарын толығымен аяқтауды тапсырды.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде - ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады.

М. Дюсекина