$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркия Президенті Сирияның солтүстігінде әскери операция өткізетінін мәлімдеді

AstanaTV
05.08.2019ж. 20:00
2801
Түркия Президенті Сирияның солтүстігінде әскери операция өткізетінін мәлімдеді

Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операцияға дайындалып жатыр. Бұл туралы ел Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Рейтерс. Әскери ұрыс күрдттердің бақылауындағы Евфрат өзенінің шығыс жағалауын содырлардан тазартуды көздейді. Ердоған Сирияда әскері бар Ресей мен АҚШ жоспарланған операция жайында хабардар екенін атап өтті. Дегенмен операция қашан басталатыны белгісіз. Ол жүзеге асқан жағдайда бұл Түркияның күрдтерге қарсы үшінші шабуылы болмақ.

Еске сала кетсек, өткен апта Нұр-Сұлтанда Сирия процесінің 13-ші раундында тараптар Идлибте шиеленісті тоқтатуға келіскен. Онда Сирия үкіметінің өкілі Башар Джафари көп жағдайда арадағы келіссөздерді Түркия тарапы бұзатынын атап өткен еді. 

Ә. Өмірзақ