Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Зерендіде түзету мекемесінде болған азаптау дерегінен кейін 5 адам жұмыстан қуылды

AstanaTV
06.08.2019ж. 20:00
2174
Зерендіде түзету мекемесінде болған азаптау дерегінен кейін 5 адам жұмыстан қуылды

Түрмеде зорлық көрдім деп арызданған трансгендер Виктория Беркходжаеваның ісін Ішкі істер министрілігі бақылауға алды. Бұған дейін сотталушының адвокаты оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері зорлады деп хабарлаған еді. Қазіргі уақытта Беркходжаева прокурор өкімімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, түрмеден тергеу изоляторына жеткізілген. Ал жақында Зеренді колониясында болған азаптау дерегі бойынша түрменің 5 қызметкері жұмыстан қуылды. Жазасын өтеп жатқандардың құқығы жерге тапталмас үшін, түзету мекемесіндегі бейне камераларды орталықтан бақылау жоспарланып отыр.

Теңізжан ЖӘНІБЕКОВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНІШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр мекемде сосын бейнебақылау жүйесі бар соған да біз бақылауды ұйымдастырып. Осы түзеу мекемелерінде болып жатқан жағдайды осы қылмыстық атқару жүйесінде қарап отыруға ұсыныстар енгізілп жатыр. Қаржы бөлінсе біз соны ұйымдастырамыз.  

Н. Біләл