Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

1100 жас мемлекеттік органдармен тиімді жұмыс жасау мақсатында тәжірибиеден өтеді

AstanaTV
06.08.2019ж. 20:00
2056
1100 жас мемлекеттік органдармен тиімді жұмыс жасау мақсатында тәжірибиеден өтеді

Мыңнан астам жас мемлекеттік органдармен тиімді жұмыс істеу мақсатында тәжірибиеден өтеді. «Bolashaq» қауымдастығы «Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасы» басталғанын хабарлады. Ол 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды. Жоба барысында жастар ұйымдары мен Үкіметтік емес ұйымдар арасында білім мен тәжірибе алмасуды тиімді ету көзделіп отыр. Қатысу үшін өтінішті «Bolashaq.kz» сайтына алдағы үш күн ішінде қалдыруға болады. 

Лаура ДЕМЕСІНОВА, «BOLASHAQ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жобаға кез-келген жас қатыса алады. Біз жұмысшы жастар көп келеді деп күтіп отырмыз. Арнайы тренингтер, семинарлар өтеді. Еліміздің жастары мен АҚШ-жастары арасында қарым-қатынас орнату мақсатында іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.  

Сондай-ақ жастардың іскерлік белсенділігін арттыру мақсатында «Jastar Otanga» инновациялық идеялар фестивалі де бастау алды. Онда 18-29 жас аралығындағы азаматтар түрлі салаға қатысты өз иновациялық идеяларын ұсынып, инвестор табуға мүмкіндік алады.

Ә. Өмірзақ