$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматылық қарттарға құқықтық кеңестер берілді

AstanaTV
08.08.2019ж. 20:00
2377
Алматылық қарттарға құқықтық кеңестер берілді

Зейнет жасындағы азаматтар шипажайға бара ала ма? Оған қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бүгін Алматы қаласының тұрғындары, осы сынды көптеген сауалдарын «Nur Otan» партиясының «Халыққа көмек» жобасының аясында ұйымдастырылған жылжымалы мобильді топқа қойды. Бұдан бөлек, баспана, зейнетақы мен жол мәселесіне қатысты сауалдарын жолдап, құқықтық кеңестер алды. Олардың өтініштері орталық немесе жергілікті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілмек. Жұрттың мәселесін тез әрі нәтижиелі шешуге бағытталған акция, өңірде осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Бұған дейінгілері қаладағы сауда орындары мен базарларда болса, бүгін вокзал маңында өтті. Онда халық көп шоғырланғандықтан, ұйымдастырушылар қабылдау пунктерін осы орындарда ашқан. 

Роза БАДАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Үшінші рет өтіп жатыр. Көбі санаторный курорт қалай болады екен? Жеңілдік бар ма оларға соны сұрап жатыр. Су , жол мәселесі, траспортты сұрап жатыр міне соларды бүгін соларды қарастырып жатырмыз.

Алина ЗАХАРҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Жасым 81-де. Мұндай шаралар біз сияқты зейнеткерлерге өте тиімді. Қарт адам болған соң, тез шаршап қаламыз. Алыс жолға шыға алмаймыз. Мобильді топтың арқасында көптеген мәселерім шешілді. Үйімнің ауласына балалар алаңы орнатылатын болды.

Ә. Лесбек