Негізгі / Жаңалықтар / Балабақшадағы өрттен бес бала тірідей жанып кетті

Балабақшадағы өрттен бес бала тірідей жанып кетті

АҚШ-та балабақшадағы өрттен бес бала тірідей жанып кетті. Пенсильвания штатындағы төтенше жағдайдан қайтқандардың ең кішкентайы - тоғыз айлық, үлкені жеті жаста. Нью-Йорк Таймстың жазуынша төртеуі де бір үйдің баласы. Өрт басталғанда олар ұйықтап жатқан. Ал екі бүлдіршін балабақшаның екінші қабатынан секіріп, аман қалыпты. Олар қазір дене жарақатымен ауруханада жатыр. Зардап шеккендер арасында екі ересек адам да бар. Жергілікті полиция қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша өртке электр ақауы себеп болуы мүмкін. Ғимараттағы жалғыз түтін детекторы бұзылып қалған екен. 

А. Сейфулла