Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстандық шенеуніктер қымбат көліктен түсуге асығар емес

AstanaTV
14.08.2019ж. 20:00
2407
Қазақстандық шенеуніктер қымбат көліктен түсуге асығар емес

Қазақстандық шенеуніктер қымбат көліктен түсуге асығар емес. Үкімет үйінің автотұрағы әлі "мерседестерге" толы. Шілде айының аяғында Премьер министр мемлекеттік органдарға шет елде құрастырылған көлік алуға екі жылдық шектеу қойған. Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев қазіргі мініп жүргендері бұрын алынып қойғандықтан, есептен бірден шығарып тастай алмаймыз деді. Бірақ өзі қандай маркалы автомен жүргенін нақты айтпады. 

Руслан БЕКЕТАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр ведомство автокөліктің қанша, қандай автокөлік қажеттігін өзі шешеді. Ол бюджеттік процесс. Ал біз тек отандық автокөліктердің сатып алынуына кепілдік береміз.

Министрліктің осы шаруаға жауапты департамент басшысы шетелден көлік алуға тікелей шектеу жоқ деп шықты. Егер бағасы біздегіден арзан болса, қайдан болса да әкеле беруге болатынын айтып отыр. 

Сәбит АХМЕТОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР ЗАҢНАМАСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:   

Біз Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесіміз. Тауар импортына шектеу жоқ. Шектеуді тек аса қымбат көліктерді негізсіз алуға қоямыз.

Ал Елорда әкімдігі көлікке бас ауыртпай, былтыр қыркүйекте толық таксиге ауысқан. Жыл басынан бері оған 203 млн теңге жұмсапты. Қызметтік машина дан бас тарту арқылы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандарда 100 млн теңге үнемдепті.

А. Сейфулла