Негізгі / Жаңалықтар / Алматылық мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталыққа құрал-жабдықтар жетіспейді

Алматылық мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталыққа құрал-жабдықтар жетіспейді

Алматыда балаларды ерте оңалтуға арналған орталыққа заманауи құрал-жабдықтар қажет. Сондай-ақ мекемедегі мамандар біліктілігін арттыру үшін қаржы мәселесі қаралса дейді. Бұл туралы орталық мамандары мәжіліс депутаты Зағипа Балиевамен кездесу барысында айтты. Қазір мұнда 3-пен 7 жас аралығындағы 75 бала ем қабылдауда. Оларға психологиялық-педагогикалық көмектен бөлек, массаж, физиотерапия қызметтері ұсынылып отыр. Депутатты сырқат балалардың көбейгендігі алаңдатады.

Зағипа БАЛИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Ерте оңалту орталығы біздің балаларымызға өте қажет. Себебі, қазір ауру балалар көп. 02/25 баспана мәселесі онық анық түсіндіру керек. Сұрақтарға жауап беріп, жауап болмаған жағдайда оны Нұр отанға жібереміз. Және мәжілісте үкіметтік сағатта оны көтереміз. 

Нәсихат ТҮЛЕКОВА, «БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ:  

Негізгі құрал-жабдықтарымыз бар. Бірақ қосымша жабдықтарға өтініш берілген. Оның бәрі келесі жылдың аяғына дейін болып қалады. Қаржы мәселесін өсіруге байланысты мәселелердің бәрі шешіледі деген сенімдеміз

Ә. Лесбек