Негізгі / Жаңалықтар / Шығыс қазақстандықтар көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Шығыс қазақстандықтар көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Түрлі бюрократиялық кедергілерді азайту үшін көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға өзгерістер енгізу керек. Сонда ғана тиісті көмек діттеген жеріне жылдам жетер еді. Балалар құқығын қорғап жүрген өскемендік мамандар осылай дейді. Бүгінде «Nur Otan» пaртиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыруда ел бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап келеді. Шамамен 300-ге тарта көпбалалы отбасы жаңа үйге қоныстанып, мектеп формасымен де қамтылды. Жиын барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшелері Семейдегі балалар реабилитациялық орталығы құрылысының жобасы жайлы да сөз қозғады. 

Рысты ЖҰМАБЕКОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Нормативтік құжаттарға кедергілер жетіп артылады. Сондықтан біздің топтың басты мақсаты - осы кемшіліктерді зерттеп, зерделеу. Көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек пен қызметті көрсетуге қатысты бірқатар құжаттарды өзгерту туралы нақты ұсыныстар жасалды. Енді осы ескертулерді жоғары жаққа жеткіземіз.

Е. Карин