Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

СҚО Ботай мәдениетін суреттейтін ашық аспан астындағы мұражай құрылыс кешеуілдеп жатыр

AstanaTV
19.08.2019ж. 20:00
5500
СҚО Ботай мәдениетін суреттейтін ашық аспан астындағы мұражай құрылыс кешеуілдеп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай мәдениетіне жататын тарихи мұражай құрылысы мерзімінен кешеуілдеуі мүмкін. Өйткені жоба тоқтап тұр. Құрылыс бастау үшін, Ботай елді-мекені орналасқан "Көкшетау" ұлттық паркінен рұқсат алу қажет. Архиологтар бұл мәселе тезарада шешімін табады деп үміттенеді. Ашық аспан астанда жасақталатын мұражайда зертхана, кітапхана, ипподром болады деп жоспарланған. Айта кетейін, Ботай ескерткішін ғалымдар Кеңес дәурінде тапқан болатын. Ерекшелігі сол бұл жерде ежелгі адамдар жылқы өсіруге машықтанған.

Виктор ЗАЙБЕРТ, БОТАЙ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

 Музей-қорық экспозициясы үшін жаңа тарихи парақ ашылмақшы. Осыған сай дәлел-дәйектерді, тарихи жазбаларды жинау ісі жүргізіледі. Биыл қазба жұмыстарын бастадық. Жаңа артефакттілерді тауып, ежелгі адамдар қонысын зерттеудің жаңа әдістерін жасау үшін эксперименттік ежелгі үйді салуды бастадық.

Ө. Қуанар