Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Миы шашылып қалды: Жол апатынан 32 жастағы байкер қаза тапты

AstanaTV
20.08.2019ж. 20:00
2516
Миы шашылып қалды: Жол апатынан 32 жастағы байкер қаза тапты

Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші қаза тапты. Ол Лексус маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде болды. Полиция департаменті биыл аймақта жол көлік оқиғасы көбейгенін айтып отыр. Ал елде мотоциклдердің қатысуымен жыл басынан бері 120-дан аса жол апаты тіркелген. Қақтығыс кесірінен 5 адам мерт болса, жүздеген адам зардап шекті. Тақырыпты тілші тарқатады 

- Это в Бухтарме... 

Мына видеода ес-түссіз жатқан азамат мотоциклді тізгіндеген. Екі жолаушысы бар байкер Лексуспен соқтығысып қалыпты. Қақтығыстан 32 жастағы азаматтың миы шашылған. Полиция істі тергеп жатыр.  

Әйгерім НҰРҒАЗИНА, ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Сонымен қатар мотоциклдің екі жолаушысы көптеген жарақатпен медициналық мекемеге жолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарында осы жол көлік оқиғасында кім кінәлі екені анықталатын болады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде биыл 121 жол апаты мотоциклдердің қатысуымен тіркелген. Оқыс жағдайлардан 112 адам түрлі жарақат алса, 5 адам мерт болды. Әкімшілік қамауға алынғандардың саны 1700-ден асады. Ал жалпы жол ережесіне бағынбағандардан 7 млрд теңгеден аса айыппұл өндірілген. Елорданың өзінде биыл 3 адам мотоцикл кесірінен қайтыс болыпты.  

София ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Жылдамдықты асыра пайдалану, жол ережелері мен белгілерін елемеу, сонымен қатар моневр кезінде жол ережесін бұзу. Осындай бұзушылықтар жиі орын алып тұрады.

Бақтияр Елшібеков те мотоциклдің кесірінен жол апатына түсіп, зардап шекті. Айтуынша, кінәлі байкер күнәсін мойындамай, оқиға орнынан қашып кеткен. Нөмірін жаттап үлгермеген Бақтияр сол күйі оны таба алмапты. Құзырлы орган да жәбірленушіге нөмірдің камераға түспегенін айтқан.  

Бахтияр ЕЛШІБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Олардың нөмірлері камераға түспей қала береді. өйткені артқы жағында орналасқан. Қатты жүреді. Жол апатына түстік сол мотоциклдің кесірінен. Мен ғана емес, автокөлік жүргізушілері ғана емес, қарапайым халық та зардап шегіп отыр мотоцикл кесірінен. 

Ал Айнакөл көшесіне тұратын Тұрсын Сейфуллина мотоциклдің даусынан мезі болған. Жолда бар жылдамдықпен желдей есетін көлік таңға дейін тыныштық бермейді, дейді.  

Тұрсын СЕЙФУЛЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Балаларымыз түні бойы шошиды. Шошығаны сонша, емшек еметін баланың өзі, емшек алмай жылай береді. +Баланың өмірі үшін мен қорқамын. Жалғыз менің балаларым емес, көшенің де, қаланың да тұрғындары демалу керек қой!

Қатты дыбыстан келетін залалды қаланың бас санитары да растап отыр. Сәдуақас Байғабылов дыбыс деңгейі күндіз 40, түнде 30 дБ-ден аспауы тиіс,-деді. Мотоцикл дауысына өлшем жасаған мамандар оның түнде екі есе қатты дауыс шығаратынын анықтаған.  

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ: 

Департамент мамандары түнгі 3-ке дейін дыбысқа өлшем жасады. Нәтижесінде мотоциклдің дауысы 69 дБ-ден асып кетті. Бұл өте қатты дауыс. Негізгі норма түнде 30-дан аспауы шарт. Балалардың денсаулығына өте зиян. Есту қабілетіне үлкен залал келтіреді.

Ал байкерлер клубы жолдағы бейберекетті біз жасамаймыз, деп бақты. Апатқа түсетіндердің көбі әуесқой жүргізушілер екенін айтады.  

Әділхан ТАСБОЛАТОВ, БАЙКЕР:  

Мотоциклистердің қатты жылдамдықпен апатқа түскен кезінде біз бәріміз жиналып уақытқа қарамастан сонда барамыз. Өйткені көбісі соған қарап, сабақ алады. Түсінеді жылдамдықтың неге әкеліп соғарын.

Бір ғана мотоциклшілер клубы құрамында 30-дан аса мүше бар. Тәртіп бойынша олар өз қатарына ережеге бағынбайтындарды қабылдамайды. Бірақ соған қарасамтан түнде тұрғындарға тыныштық бермейтін, жолда жүйіткитін байкерлер азаймай отыр.  

А. Бектас