Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының қатары тағы бір қоғам белсендісімен толықты. Мүгедектердің мүдделерін қорғап жүрген Баян Жалмағанбетоваға билетті Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өзі табыс етті. Баян өзі де 1 топтағы мүгедек. Енді ол партиямен бірлесіп, кембағалдардың жағдайын түзеуге ат салыспақ. Толығырақ, тілші материалында.
Қоғам белсендісі Баян Жалмағанбетова Ақтау қаласының тұрғыны. Дәрігерлер 1-ші топтағы мүгедектікке жатқызғанымен, бұл менің өмірге деген көзқарасымды өзгертпеді, дейді. Кәсіпке бет бұрып, мектеп оқушыларына парта, орындық жасайтын цех ашқан.
Баян ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, 1 ТОП МҮГЕДЕГІ:
Бірінші сентябрьге дейін Жаңаөзен қаласының мектептің партасын жеткізуім керек болды. Ертесіне 1 сентябрь. 31 күні августьтің өзім цехқа бардым, бітіруіміз керек, үлгеруіміз керек. 1 жарым, 2-ге дейін соны жасатып бітірдім, өзім сол жерде қадағалап отырдым.+аман есен жеткізіп бердім, бірінші сентябрьге дейін.
Кәсіпкерліктен бөлек Баян, Маңғыстау облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемасын шешуге белсенді араласып келеді. Енді бұл мәселені партиямен бірлесіп «Кедергісіз келешек» жобасы аясында республикалық деңгейде көтеруді қолға алды.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз оны қолдаймыз. Әрине, балаларға басынан бастап көмектессең, қолдасаң өмірде ол үлкен көмек қой.
Баян ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, 1 ТОП МҮГЕДЕГІ:
Бауыржан мырзамен сырттай кездесіп қалдық, аяқастынан, жұма күні. Өзімнің осы «Nur Otan» партиясына мүше болғым келетінін айттым. Сол жерде қабылдайтынын айтты. Бүгін кездесуде өтініш-ұсыныстарымды мән беріп тыңдап, жақсы қабылдады. Қазақстан республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасағым келеді.
Соңғы 4 жыл ішінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі 4 мың мәрте қаралған. 256 депутаттық сауал жолданып, осы жұмыстардың нәтижесінде заңға 78 өзгерту енгізілген.
Ә. Өмірзақ