Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодар зауытында жарылыстан 2 адам зардап шекті

AstanaTV
21.08.2019ж. 20:00
2086
Павлодар зауытында жарылыстан 2 адам зардап шекті

Павлодар зауытында жарылыс! Құйма өндірісінің біріндегі апаттың видеосын әлдекімдер әлеуметтік желілерге жариялаған. Бейнекадрлардан 3 қызметкер жұмыс істеп жатқан жерде ұшқын тұтанып, арты жарылысқа ұласқаны анық көрінеді. Жұмысшылар бірінен соң бірі қашып шыққаны байқалады. Бірақ бригадир мен жұмысшыны күйік шалған. Олар ауруханаға жеткізіліпті. Оқиға металлды балқыту кезінде болған. Тенгриньюстің хабарлауынша, қазір арнайы комиссия құрылып, олар жарылыстың неден туғанын анықтап жатыр.

Г. Меңдеева