Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түрмеде асылып қалған сотталушы, өзі жасаған қылмысына өкініп, өз-өзіне қол жұмсаған - ҚР ІІМ ҚАЖК

AstanaTV
21.08.2019ж. 20:00
4642
Түрмеде асылып қалған сотталушы, өзі жасаған қылмысына өкініп, өз-өзіне қол жұмсаған - ҚР ІІМ ҚАЖК

Тараз түрмесінде асылып қалған сотталушы, 12 жыл бұрын жасаған қылмысына өкініп, өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің пайымы осы. Жазасын өтеуші аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылған. Оқиға ЖД-158-де 7 мекемесіндегі ағаш өндеу цехында, кеше кешкі сағат 6-лар шамасында болған. Алайда ол аумақта бейнебақылау камералары жоқ. 

Теңізжан ЖӘНІБЕКОВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ :

Ол өзінің ауылдас досының әйелін зорлап өлтірген. Сондықтан ол бұл 2008 жылы болған оқиға. Соны өкініп уайымдап жүрген. Бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Біздің есепте тұрған. 2016 жылдан бері бақылауда ұстадық. Алайда өкінішке орай осындай қараусыз қалған кезінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.

Алайда бұл оқиға туралы әлеуметтік желіде бірінші болып құқық қорғаушы Елена Семенова жария етті. Ол өзін-өзі өлтіру нұсқасына сенбейді. Қазіргі уақытта медициналық сараптама тағайындалған.   

Елена СЕМЕНОВА, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ:

Қазақстанның түзеу мекемесінде сотталушының кезекті өлімі. Құзырлы органдар өзін-өзі өлтірді деп айтады, бірақ сотталушылар бұл нұсқаға сенбейді. Мен де сенбеймін. Мекемеде тағы бір нәрсе болып жатыр, сотталушыларға хабарласуға мүмкіндік берілмей отыр. 12 жылдан бері өзіне қол салғысы келсе осынша ұзақ уақыт ойланбас еді. Оны психолог мамандар да айта алады. Жазасының жартсынан көбін өтеген ол бұл қадамға баруы мүмкін емес.  

Н. Біләл