Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада тапа-тал түстегі атыс 40 минутқа созылып, бір адам жан тапсырды

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
4630
Елордада тапа-тал түстегі атыс 40 минутқа созылып, бір адам жан тапсырды

Елордада атыс болып, бір адам қаза тапты. Жандалдасқан жігіттер сөзге келіспей қалған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мамандары хабарлады. Кекілжіңнің соңы атыспен аяқталыпты. Күдікті аңшы мылтықпен 4 адамға оқ атқан. Олардың біреуі ауруханаға жеткізілген соң жан тапсырды.

София ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Осы оқиғаға қатысты барлық фигуранттар анықталып, күдіктілер ұсталып қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы дерек бойынша, кісі өлтіру бабы бойынша және кісі өлтіруге ұмтылу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір полицейлер атыс болған аумақтағы үйдің есігін мөрлеп, кіруге тыйым салған. Күдіктілер бой тасалап үлгергенімен екеуі бір тәулікте қолға түсіпті. Атыс мұндағы ел-жұрттың үрейін қашырған. Олардың айтуынша, Маман көшесіндегі қырғын тапа-тал түсте, сағат 4-те болған. Қанды оқиғаға куә болған көршілер "полицейлер шақырылғанымен, тым кеш" келді деп отыр.

Мария, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Атыс қырық минут шамасында болды. Полиция қызметкерлері тым кеш келді. Ол кезде күдіктілер қашып үлгерген. Бірақ олар жарақат алғандықтан, ізін суытпай тауып алған. Көліктің айнасы сынған, номері Қарағанды аймағына тиесілі болған.