Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таразда 80 жастағы зейнеткердің бөлшектелген денесі табылды

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
1880
Таразда 80 жастағы зейнеткердің бөлшектелген денесі табылды

Таразда айтса ауыз бармайтын қылмыс. Шаһар шетіндегі каналдың бірінен 80 жастағы кейуананың бөлшектелген денесі табылды. Күдікті қылмысын жасыру үшін зейнеткердің мәйітін темір балтамен турап, суға ағызып жіберген. Марқұмның арықта жатқан екі аяғын көршілері тауып алып, тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Ал зейнеткердің өзге дене мүшелері жарты шақырым жердегі көпір астындағы қоқыстан табылды. Көршілері күдіктіні марқұм келінінің азаматтық некедегі күйеуі деп отыр. Полицейлер бұдан бетер сұмдық ақпаратты жариялады. Қылмысқа барған 57 жастағы азамат зейнеткердің бақилық болған баласының досы көрінеді. Айтуларынша, ұлының көзі кеткесін қарт кісіге қамқоршы ретінде екі жылдан бері бірге тұрып жатқан. Күдікті полицияға берген түсінігінде «кейуана үйден қуа берген соң, осындай қадамға бардым» деп түсіндіріпті. Айта кетейік, ол бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотты болған. Енді қылмысы дәлелденсе, тағы да 15 жыл арқалауы мүмкін.

Мақсат ЕРЕЖЕПОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 

Спирттік ішімдік ішу барысында, сол жерде болған ұрыс жанжал барысында, азаматшаға қол жұмсап, қаза келтіргенін анықтап отырмыз. Содан кейін мәйітті жоқ қылу мақсатында көрсетіп отқан көшедегі каналға тастаған.

Д. Әлімқұл