Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 115 мың еуро пара алғаны үшін сотталды

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
1914
Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 115 мың еуро пара алғаны үшін сотталды

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды. Тергеу барысында Серік Аманғалиевтың 115 мың еуроны шетелдік компания өкілінен пара ретінде алғаны расталған. Сот шенеуніктің мүлкін тәркілеуді бұйырған жоқ. Адвокат 60 жастағы сотталушының мемлекет алдындағы еңбегін ескеріп, айыппұл салуға болушы еді деп отыр. Ол кезде қазынаға 7 миллион теңге дейін қаражат төлеуі тиіс. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары өткен жылдың қарашасында аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталып, 2 айға қамауға алынған еді. 

Сәуле КӨПЖАНОВА, СОТТАЛУШЫ АДВОКАТЫ: 

Соттың шешімімен келіспейміз. Сот практикасында пара алғаны үшін жазаны айыппұл түрінде төлеу жиі кездеседі. Серік Аманғалиев өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін айтты. Біз соңына дейін сот бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданады деген үмітте болдық. Оның 94 жастағы қарт анасы бар. Біз соттың үкіміне шағым түсіреміз. 

Н. Біләл