Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

АҚШ-та Johnson&Johnson компаниясының препаратын тұтынған 6 мың адам қайтыс болды

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
1789
АҚШ-та Johnson&Johnson компаниясының препаратын тұтынған 6 мың адам қайтыс болды

АҚШ-та «Джонсон және Джонсон» компаниясының препаратын тұтынған 6 мың адам қайтыс болды. Науқастар ауырсынуды тез басатын дәріні пайдаланған. Алайда оның адамды тәуелді ететіні нұсқаулықта көрсетпепті. Дәріні шектен тыс ішкендіктен өлім-жітім өскен. Компанияның құйтырқы әрекеті әшкереленіп, айыптаушы топ соттан 17 миллиард доллар өтемақы талап етті. Алайда іс мұндай сомаға дейін жетпеді. Американдық конгломератқа 600 млн АҚШ доллар көлемінде айыппұл салынды. Ал «Джонсон және Джонсон» өз кезегінде тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. 

Тэд БАЛКМАН, ОКЛАХОМА ШТАТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Компанияның бұл іс-әрекеті Оклахоманың мыңдаған тұрғынының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз.  

«Джонсон және Джонсон» компаниясының басы бұған дейін де дауға қалған еді. Өткен жылы балаларға арналған ұнтақта қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын асбест барын ондаған жылдар бойы жасырып келген деген айып тағылған еді. Ол кезде 5 млрд доллар айыппұлмен құтылған.