Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Маңғыстау облысындағы «Құрық порты» арқылы алғашқы миллион тонналық жүк өткізілді

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
2799
Маңғыстау облысындағы «Құрық порты» арқылы алғашқы миллион тонналық жүк өткізілді

Маңғыстау облысындағы «Құрық порты» арқылы алғашқы миллион тонна жүк өткізілді. Осылайша, аталған айлақтың жүк өткізу қуаттылығы екі есеге артты. Ал жыл соңына дейін тағы  200 мың тонна тауарды алып өту жоспарланған. Бүгінде жаңа көлік пирсының құрылысы басталды. Бұл жоба жүзеге асқан соң, «Құрық портының» жұмыс қуаттылығы жылына 7 миллион тоннаға жетеді.

Елбасының «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын жүзеге асыру  мақсатында «Құрық портының» құрылыс жұмыстарын «Қазақстан темір жолы» ҰК акционерлік қоғамы іске асырып отыр. Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асады деп жоспарланған. Айлақ бүгінде - халықаралық транскаспий бағытының басты құрамдас бөлігі.  Бұл жерде темір жол вагондарын паромға арту жүргізіледі. Экспорттық жүктер, яғни астық, мұнай өнімдері тыңайтқыштар мен өзге де тауарлар Әзірбайжан мен Грузияға аттанады. Одан әрі Еуропа нарығына шағырылады. Ал жеміс-жидек көкөніс пен кондитерлік өнімдер, сондай-ақ жиһаз секілді тұтыну тауарлары импортталады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 1 миллион тонна жүктің  548 мың тоннасы экспортқа жіберілді. Ал импорты 452 мың тонна жүкті құрады. 

Талғат Оспанов, «Құрық порты» ЖШС бас директорының орынбасары:

Қытай Өзбекстан Қырғызстаннан транзиттік өнімдер экспортқа жөнелтіледі. Порт құрық арқылы теміржолдың мүмкіндігі 4 млн автомобиль жолы 2 млн тонна. Жылына барлығы 6 млн. 

Жақында «Құрық портына» екінші паромдар үшін пирстер жіберілді. Осыған байланысты, қазір кемелерді күту уақыты азайды. Айта кетсек, бір кемеге жүк тиеу үшін 10 сағат уақыт кетеді екен. Қазіргі кезде автомобильдік пирстің құрылысының  екінші кезеңі іске асырылып жатыр. Бұл «Құрық портының» жұмыс қуаттылығы жылына 7 миллион тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. 

Абузар Гасанов, Зарифа Алиева атындағы паромның капитаны:

Бұл кемеде қауіпті аударымдар, ауыр жүктердің аударымдары бар. «Құрық портының» қызметкерлеріне рақмет. Олар біз үшін жағдай жасап отыр. Қауіпсіз кіру мен шығуға  қажетті мүмкіндіктер  бар.

Сонымен бірге, бүгінгі салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК акционерлік қоғамының өкілдері, ірі серіктестер, облыстың 1000-нан аса тұрғындары қатысты. «Құрық портының» бас директоры Мырзабек Сақтағанов жиынға келушілер мен қонақтарды маңызды оқиғамен құттықтады.