Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайлық ғалымдар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
3429
Қостанайлық ғалымдар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Латын  әліпбиі - әлемдік деңгейдегі білім мен ғылымның алтын көпірі. Қазақстан  ғалымдары жаһандық ғылыми үрдіске ілесу үшін шет тілдерін білуі тиіс. Ал жаңа графика ағылшын тілін тез үйренуге мүмкіндік береді. Басқа ұлттармен тереземіз тең болсын десек, латын әліпбиіне көшуіміз керек, - дейді қостанайлық ғалым Әлімжан Бекмағамбетов.

Әлімжан Бекмағамбетов, заң ғылымдарының кандидаты, Оксфорд академия одағының мүшесі:

Зерттеулер нәтижелері «Scopus» секілді басқа да халықаралық базаларға енгізілген журналдарда шығады. Қазіргі ғалымдардың да нәтижесі қаншалықты жоғары екендігі, осы халықаралық журналдарда ағылшын тілінде мақаласы шықты ма, шықпады ма, соған байланысты. Осыған бәріміз тырысуымыз керек.

Заңғар САНАЙ