$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Н.Нығматуллин Президент жолдауына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
04.09.2019ж. 20:00
2733
Н.Нығматуллин Президент жолдауына қатысты пікір білдірді

Хирургке скальпель қаншалықты керек болса, полицияға жезл соншалықты қажет құрал. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Нұрлан Нығматулин осындай пікір білдірді. Мәжіліс спикері депутаттар заңнамалық жұмысты күшейту керек деп отыр. Осылайша Президент жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсаты тұр. Еске салайық, мемлекет басшысы халыққа алғашқы жолдауында парламентке бірқатар тапсырма берген еді. Оның ішінде браконьерлік пен ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейтуді заңмен бекітуді міндеттеді. Сондай-ақ, зейнетақы қорында жиналған қаржыны білім алуға не үй сатып алуға жұмсауға рұқсат беру туралы ұсыныс жасады. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Олардың барлығын Заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында біз өз уақытында халыққа қажетті сапалы заңдар қабылдайтын боламыз.