$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбедегі ірі су қойма жойылу алдында тұр

AstanaTV
04.09.2019ж. 20:00
5023
Ақтөбедегі ірі су қойма жойылу алдында тұр

Ақтөбедегі су қоймаларының бірі құрып кету алдында тұр. Сазды су қоймасының тағдырына алаңдаған экологтар осылай деп дабыл қақты. Су алып отырған саяжай тұрғындары да биыл бау-бақшасыз қалыпты. Жағдайды біліп қайтқан әріптесім Бақыт Рахметова толығырақ баяндайды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

«Былтыр ғана бұл Сазды су қоймасы арнасынан тасып, судың деңгейі мына теректерге дейін жетіп жатқан еді. Бұл жерде адамдар суға түсіп, балық аулайтын. Бір жыл ішінде су қоймасының халі осындай аянышты күйге түскен. Енді мұнда суға түспек түгілі тіке тұрған адамның су тізесіне де жетпейді». 

Бұл аймақта Сазды су қоймасы елу жылдан бері бар. Оның шапағатын осы маңдағы 17 бау-бақша ұжымы да көріп келген.

Александр МАНДРЫКИН, ЭКОЛОГ:

Су қоймасының жағдайы мүшкіл деп айтуға болады. Бұрыңғы қалпына қайта келтіру қиын болады. Су балансын жоғалту деген осы мен оны 18 жылдан бері айтып келем. Біз жаңа технологиялық жобалар жасағанда су ағымының 4 жылдық жүйесін сақтауға тырысу керекпіз. Ал биыл біз оны толықтай жойып алдық. 

Дегенмен бағбандар биыл су аз болғанын айтады. Сағаттап берілген су бірде жетсе, бірде жетпепті. Есесіне биыл өнім дұрыс жинай алмадық деді. 

Рәзия ОРАЗҒАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Огородта су жоқ. Дачаға бөшкеге толтырып алады да соны айдайды. Айдағанада кішкене алып қаламыз. Ол да пәленбай үй. 45-46 үй тіпті 48 үйме тіпті білмеймін. Соған жеткенше бір бөшкеден бөліп алып отырамыз. Басқа уақытта су жетпейді. Сазды өзенінің қасында тұрамыз. 

Тартылып бара жатқан су қоймасын құтқаруға тек еріктілер ғана білек сыбана кіріскен. Олар сол Сазды өзені бойындағы бітеліп қалған бұлақтардың көзін ашуда. 

Евгений ЛАЗАРЧУК, ЕРІКТІ:

Біз қазір сол Сазды өзенінің бастау алатын жер Петровка ауылы маңындамыз. Бұлақтың көзін ашып, сол жердегі шағын көлшіктерді толтыра бастадық. Мамандардың айтуынша бір бұлақтың өзі тәулігіне 700 куб су бере алады. Біз Саздыны толтыра алмаспыз. Бірақ сақтап қалуға әрекет жасап жатырмыз.

Арнайы мамандар бұл жағдайға қыста қардың аз түсуі де себеп болғанын алға тартты. Оның үстіне жаз бойы қоймадағы су Сазды өзенін сумен қамтамасыз 

Су қоймасының жалпы көлемі - 7,5 миллион, су таситын кезде 2,1 миллион куб су келеді. Соңында 2,9 миллион куб су қалып отырады. Қар суымен толығып отыратын өзен биыл 34 пайыз ғана су жинаған. Сондықтан осындай күйге түсіп отыр. 

Жершілікті билік, Сазды өзені енді Ақтөбе су қоймасы есебінен толтырылмақшы. Одан бөлек қыста қардың қалың түсуін күтуден басқа амал жоқ екенін жеткізді.

Б. Рахметова