Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елімізде газдандыру жобасының құны 370 млрд теңгеге бағаланып отыр

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
2563
Елімізде газдандыру жобасының құны 370 млрд теңгеге бағаланып отыр

Солтүстік аймақтарды газдандыру жобасының құны 370 млрд теңгеге есептеліп отыр. Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Айтуынша, теріскейді газдандыру  жобасы  бірнеше кезеңге бөлінген. Астанадан басталып Петропавлға дейін  жалғасады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Бірінші кезеңде 1080 шақырымдық құбырды Астанаға тарту жоспарланған. Қаржының көп бөлігі елордаға құйылып отыр. Екінші кезеңде Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы, оның ішінде демалыс аймақтары қамтылады. Үшінші кезең Көкшетаудан Петропавлге дейін. Қарағанды облысын газдандыру құны 500 млрдты құрайды. Егер екі жобаны қоссақ, триллион теңгеге жетейін деп тұр. Тарифке шығарсақ, 55 теңге болады. Бұл өте жоғары. Қазір ең қымбат тариф Алматыда, онда газдың текше метрі 36 теңге.

Үкімет басшысы мәлімдегендей, қазір елде 50 млрд текше метр газ өндіріліп жатыр. Көгілдір отынның тауар ретінде 30 млрд текше метрі дайын. Оның 15 млрд текше мертрі экспортталып отыр. Ал қалған дайын өнім ішкі нарыққа жіберілген.