$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алаяққа алданған бір топ павлодарлық пәтерсіз қалмақ

AstanaTV
05.09.2019ж. 20:00
2925
Алаяққа алданған бір топ павлодарлық пәтерсіз қалмақ

Жақында бір топ павлодарлық пәтерсіз қалуы мүмкін. Алаяққа алданған тұрғындар жалған құжат жасалған баспананы сатып алған. Өйткені, пысыққайлар иесіз қалған пәтерлерге заңсыз құжат жасатып, сатып келген. Ал бұндай пәтерлерге жауапты қаланың қаржы бөлімі енді ғана иесіз қалған үйлерін түгендеуге көшкен.

Мақпал Мейрамова сіңілісімен бірге былтыр ғана қаланың қақ ортасынан 3 бөлмелі үй сатып алған. Бірақ, қуанышы көпке ұзамапты. Сот баспананың құжатын заңсыз деп тауып, үйді босатуын талап етіп отыр. Сіңілісі мұны көтере алмай күйзеліске ұшыраған.

Мақпал МЕЙРАМОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ :

Сіңілім төсек тартып қалған соң, жұмыстан шығуға мәжбүр болдым. Ауру адаммен қайда баратынымыды білмеймін. Оның еще баласы да бар. Оны да өзіммен бірге алу керек ғой. Қазір жұмыссыз отырмыз енді. 

Алаяққа алданған тек Мақпал ғана емес. Шаһарда 12 адам дәл осылай салы суға кеткен. Барлығы да қолдан жасалған жалған құжаттың құрбаны. Қалада иесіз қалған үйлерді әкімдік балансына дер кезінде алмауы бұған себеп. Бұл сәтті алаяқтар ұтымды пайдаланып кеткен.   

Яна ФОМИНСКИХ, ЗАРДАП ШЕГУШІ :

Менің пәтерім 12 жыл есепке алынбапты. Бұрынғы иесі 2005 жылы қайтыс болған, бірақ 2017 жылы оны алаяқ өз атына аударып алған. Бірақ, оның не себепті мемлекет қарамағына өтпегені түсініксіз. Енді келіп, 3 млнға сатып алған пәтерімнен айырылып отырмын.

  Ерген ҚАСЕНОВ, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

 Ең басты мәселе юстициядан қате кетіп тұр. Регистрация жасалған. Заңсыз документті заңды қылдырған. Ары қарай бізге сатқан. 

Тұрғындар бұған дейінде аталған мәселе бойынша сотқа жүгініп, жеңіліп қалған. Аппелициялық шағым түсіргенмен, ол да нәтижесіз болды.  

  - Бұл іс бойынша сот аппелициялық шағымды өзгеріссіз қалдырды. Өйткені, шағымданушылардың ісі қанағаттандырарлықсыз. Шешім шығарылған күннен бастап күшіне енеді. 

Сотқа шақырылған қаланың қаржы бөлімі мен пәтерді сатқан тұрғын өздерін көрсетуімізге қарсылық білдірді.  

Бейбіт ӘЛІШЕВ, ЗАҢГЕР :

Павлодар қалалық қаржы бөлімі полиция бөлімінің шағымымен бұл баспаналарды заңсыз деп таныған. Бірақ, қаржы бөлімі бұл үйлерді өздеріне алуға ешқандай да құқығы жоқ. Өйткені, пәтерлер тұрғындардың жеке меншігінде тұр. Бөлімнің балансына да алынбаған, иесіз пәтер деп те танылмаған.

Амалы қалмаған тұрғындар енді жоғары сотқа шағымданбақшы. Өйткені, облыстық соттың шешімімен келіспеген зардап шегушілер істің оң шешілуін қалайды. Әрі алаяқтардың қатаң жазалануын да талап етіп отыр. 

Ө. Қуанар