$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында 13 жастағы оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

AstanaTV
06.09.2019ж. 20:00
3789
Түркістан облысында 13 жастағы оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Түркістан облысында мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды. Оны футбол ойнап жүрген кезде, қақпа басып қалған. Тілшіміз Айзада Төребекқызы оқыс жағдай тіркелген білім ошағының Қазығұрт ауданының Үлгілі ауылына жуырда ғана пайдалануға берілгенін біліп қайтты. Толығырақ тілшіміз тарқатады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Оқыс жағдай мектептің осы спорт залында болған. 8-сыныптың оқушылары бұл кезде футбол ойнап жатыпты. Мұғалімнің айтуынша 13 жастағы Алихан анау төрде қақпашы болып тұрған екен. Кешегі жағдайдан соң мұнда ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Ал қақпаларды алып тастаған.

Қос қақпаның бірін полицияға алып кетті. Тергеуге қажет екен. Ал оқиға орнында болған дене шынықтыру пәні мұғалімінің серіктесі бәрі қас пен көздің арасында болғанын баяндады.  

Жақсылық НҰРҒАЛИ, М.ӘУЕЗОВ ОРТА МЕКТЕБІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Махатай Алихан қақпашы болып қақпада тұрған. Сол кезде мына қақпаға гол соғады да, балалар қуанған кезде Алихан да жүгіріп барып қақпаға, қуанып қақпаға асылады. Секірген кезде қақпа ауып кетеді. Біз мына жақтан жүгіріп барып тұрғыздық. Ол кезде баланың жағдайы жақсы еді. Алғашқы жәрдемімізді көрсетіп медбикені шақырдық. Арада он минуттай өткеннен кейін баланың жағдайы нашарлай бастады.

Жедел-жәрдеммен аудан орталығына жеткізгенмен оқушы ота үстінде жан тапсырған. Дәрігерлер оның қанын тоқтату мүмкін болмағанын айтты.  

Наушарман БОРАНБАЕВА, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Баланың ішкі органдары езіліп кеткен. Бауыр, бүйрек дегеннің барлығы езіліп кеткен. Қан тоқтау процесі мүмкін болмады. Бұл несовместимой жизнью дейміз ғой, соған байланысты бала сағат 12-де биологиялық өлім балада тіркелді.

Марқұмның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Белгілі болғандай Алихан Махатай отбасындағы бес баланың кенжесі екен.  

Әбутәліп МАҚАТАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:  

Жазым ғой, дегенменде сәл қауіпсіздік жағдайларды ойластыру керек еді ғой бұл жерде. Ол жазымның да түрі көп қой, қауіпсіздік жағдайлары есепке алынбаған. Өзіне тиісті заңды жазасын алсын дейміз. Біз оларға баланы тірілтіп бер демейміз...

Айта кетейін, аталған мектеп 1-қыркүйек күні ғана пайлануға беріліпті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жаңа қақпаның қауіпті екенін оқушыларға ескертудей ескерткенін айтты. Өйткені қақпаның қауіптілігін өздері әу-баста аңдаған.  

- Ағайы көрсетеді қақпаға асылып 

- Меніңше ол осылай асылған. Әшейін тартсаң да, былайқысаңда осылай құлайды.

Әбдіғаппар ЕСЕНБЕК, М.ӘУЕЗОВ ОРТА МЕКТЕБІ ДЕНЕ-ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: 

Бұл жерде тепе-теңдік сақталмаған. Былай қылсаң мынау алға құлайды. Негізі мынау артындағы темірі бұдан гөрі біз көріп жүрген ворота сәл ұзын болушы еді. Бұл негізі жылжымалы ворота. Бірақ мынау жылжымалы воротаға өте ауыр салмағы. Алдындағысы мына материал осыншалықты жуан материал болудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Айта кетейік, бұл іспен қазір полиция айналысып жатыр. 32 жылдық еңбек өтілі бар Әбдіғаппар Есенбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталып кетті. Мектептің құрылысын жүргізген мердігер мекеме өкілі қақпаның жобаға сәйкестігіне сенімді. Сертификатталған мекемеден дайын күйінде сатып алғандарын алға тартты.   

Қуаныш БАЙЗАҚОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРОРАБЫ: 

Бұл мини футбол, гандбол сондайдікі, жылжымалы. Керек кезде қояды, керек емес кезде алып қояды. -Ауысып кетті деп ойламайсыз ба? - Жоқ, ауысып кетті деп ойламаймын. Өйткені ол сырттағының аяғы бар, специально ол жерге қазылады и жерге бетондалып қойылады. Ал бұның аяғы жоқ, жерге қағылмайды бұл, ешжерге крепление болмайды.

Білім және ғылым министрлігіндегілер аталған жағдай Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жеке бақылауында болатынын мәлімдеді.  

А. Төребекқызы