Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Полиция балиғатқа толмаған жас жұбайлардың ісімен айналысып жатыр

AstanaTV
09.09.2019ж. 20:00
3379
Полиция балиғатқа толмаған жас жұбайлардың ісімен айналысып жатыр

15 жасында үйленген ақтаулық бозбаланың тойы қоғамды бір дүрліктірді. Енді олардың ісімен полиция айналысып жатыр. Тәртіп сақшылары кәлеметке толмай тұрып отау құрған ерлі-зайыптылардың кім екенін анықтады. Биыл Маңғыстауда төрт жасөспірімнің 16 жасында үйленгені мәлім болды.

Әйгерім ИБАДУЛЛАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ақтау қалалық жергілікті полиция қызметінің кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері қала әкімдігінің кәмелет жасына толмағандарды қорғау бөліміне ұсынба жолдайды. Осы хаттың ізімен жастардың ата-анасына және видеоға түсіп қалған балалардың ата-аналарына тиісті шара қолданылады. 

Психологтардың сөзінше, ерте үйленген жастардың отбасылық өмірі әрі кетсе бір жылдан аспайды. Өйткені уыздай жастардың өмірлік тәжірибесі жоқ. Дегенмен елімізде некелесу жасы екі жасқа төмендепті. Яғни, жүктілік немесе бала тууына байланысты 16 жасқа толмағандар шаңырақ көтере алады.