Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Павлодарда қоғамдық көлікке оқ атқан бұзақыға қатысты үкім шықты

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
1787
Павлодарда қоғамдық көлікке оқ атқан бұзақыға қатысты үкім шықты

Кездейсоқ оқ! Павлодарда қоғамдық көлікке оқ атқанға қатысты үкім шықты. Шаһардың мамандандырылған әкімшілік соты оны 7 тәулікке қамап, айыппұл төлеуге міндеттеді.  Естеріңізге сала кетейік, 6-қыркүйекте Павлодар тұрғыны қаладағы автобус аялдамалардың бірінде қоғамдық көлікке оқ атқан. Оқиғадан автобус терезелері сынды. Істі тексерген мамандар бұзақы оқты автобусқа емес, ағаштағы нысанаға бағыттағанын алайда, оқ- кездейсоқ автобусқа тиіп кеткен - дейді. Айта кетерлігі, ол бұрын сотталмаған, 1987-ші жылғы Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Оның не себепті ағашқа оқ атып жаттығу жасағаны беймәлім. 

Бақыт ШОҚПАРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Тұрғын әкімшілік жауапгершілікке тартылды. Оған ҚР заңының 434 бабы бойынша 7 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Және 436 бап бойынша пневматикалық қаруды тәркілеумен қатар жалпы көлемі 50 500 теңге болатын айыппұл салынды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Ө. Қуанар