$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда мектеп оқушысы екінші қабаттан секіріп кетті

AstanaTV
11.09.2019ж. 20:00
2444
Алматыда мектеп оқушысы екінші қабаттан секіріп кетті

Алматыда бірінші сынып оқушысы екінші қабаттан секіріп, аман қалды. Мұғалім баланы байқамай сынып бөлмесінің есігін құлыптап кеткен. Жалғыз қалған бүлдіршін терезеден секіруге мәжбүр болған. Түрлі жарақат алған алты жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Ал алаңғасарлық танытқан педагог сөгіспен құтылды. 

Оқыс оқиға таңертең болған. Қоңырау соғылған соң мұғалім оқушыларды басқа сыныпқа алып кеткен. Ал алты жастағы Генадий партаның астына тығылып, жабық кабинетте жалғыз қап қойған. Кейін есікті қағып сыртқа шыққысы келіпті. Бірақ ешкім естімеген. Есі шыққан оқушы қауіпті екенін ескерместен екінші қабаттан қарғып кетеді.  

Әйгерім БАЕКЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 80 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Ол есікті қаққанда , үлкен үзіліс кезі еді.Сондықтан ешкім естімеген болар.Расында ол баланың қозғалысы көп.Әкесінің айтуынша қазір баланың жағдай жақсы.

Оқушының көзден ғайып болғанын мұғалім көпке дейін байқамапты.Тек шәкірттерді келесі сабаққа апарғанда ғана аңғарған. Ал екінші қабаттан секіріп түскен балақайды жоғары сынып оқушылары дереу медбекетке апарған. Кейін жедел жәрдем көлігімен аурухағана жеткізіліп бірден жансақтау бөліміне жатқызылады. Денсаулығы жақсарған баланы бүгін жалпы палатаға ауыстырды. 

Нәбира ЕСЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Бас сүйегі жарақаттанған, миы шайқалған. Кеуде жасушаларына зақым келген. Қос білегінің сүйектері сынған деген диагноз қойылды.

Мектеп директоры зардап шеккен жеткіншектің ата-анасы полицияға арыз жазбағанын айтады. Ал шәкіртті жабық кабинетте жалғыз қалдырған мұғалім жұмыс істеп жүр. Тәртіптік жаза ретінде қатаң сөгіс жариялаған. Қайткенмен оқыс оқиғамен аудандық полиция бөлімі айналысып жатыр. Сақшылар тексеру амалдарын жүргізуде. 

Дәл бүгін депутаттар балалар қауіпсіздігі жөнінде мәселе көтерген еді. Өткен жылы 59 бала терезеден құлап зардап шеккен. Артур Платоновтың айтуынша мұндай жағдайға балалар жалғыз, қараусыз қалғанда барады. Мәжіліс депутаты көптеген еуропа елдерінде баланы жалғыз қалдырған ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын алға тартты. Мәселен Канада,Италия мен Швецияда 12 жасқа дейінгі балаларды, ал Ұылбританияда 14 жасқа дейінгі жасөсіпірмдерді жалғыз қалдыруға болмайды. 

Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ , «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Менің сауалхат жолдауыма: Түркістан облысындағы 13 жастағы жасөспірімнің дене шынықтыру сабағындағы қазасы түрткі болды. Бала футбол қақпасына басылып қайтыс болған. Баланың өліміне кейін тексеріс басталып, ел бойынша спорттық инвентарлардың жаппай, кәмелетке толмаған жалпы жағдай алаңдатып отыр. Біз мейлінше балаларымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауымыз керек.

Депутат арнайы комиссия құрып, жиілеп кеткен жазатайым жағдайларды сарапқа салып, алдын алатын нақты іс шаралар жоспарны бекітуді ұсынып отыр. 

З. Санай