Елордалық жігіт қордаланған несиесін қайтара алмағаны үшін өзіне қол жұмсамақ болған. Ол Сарайшық көшесінің бойында орналасқан көпірдің үстіне шығып, секіруге бел буған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанан қаласының әкімдік өкілдері хабарлады. Бүгін сағат 15:35 шамасында басқарманың бейне бақылау операторы көпір үстіндегі ер адамды байқап қалған. Жедел жеткен төтенше жағдай қызметкерлері оны аман алып қалды.
Талғат РАХМАНБЕРДІ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Азамат Ережепов Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 1991 жылы туылған. Жеке басында 6 несиесі бар. Дені сау. Еш жерде тіркелмеген, ешқандай аурумен ауырмайды. Отбасы құрған, екі баласы бар. Тұрақты түрде жұмысы болған. Осының алдында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне екі-үш рет шағымданған болатын. Тұғын үй жайы бойынша, жер мәселесі бойынша. Спонсорлық көмек арқылы сұрақтары шешілген болатын.
Өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың 1 миллионнан астам несиесі болған. Оған әкімдік өкілдері "Еңбек" бағдарламасына қатысып, Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуға ұсыныс жасаған. Алайда, құжаттарды тапсыруға тиіс болған күні келмеген.