Атырауда су жаңа оқулықтар жаңбыр суының астында қалды. Баспадан енді шыққан кітаптарды бөлмек боп, қаладағы №2 орта мектепке түсірген. Алайда ауа-райын есепке алмағанға ұқсайды. Видеоны әлеуметтік желі қолданушысы таратты. Кітаптардың жаңбырдан кейінгі жағдайы мынау. Тіпті кейбір кітап бумасымен су бетінде жатыр. Қораптары жаңбыр мен балшыққа былғанған. Бірақ оған қарап жатқан кітапханашылар жоқ. Бүлінген оқулықтарды әй-шәйға қарамай, көлікке тиеп жатыр.
Лиза АБДОЛОВА, КІТАПХАНАШЫ: Алып жатырмыз, ішке барған соң түгендейміз ғой. Бөлінгенді түгел алып жатырмыз.
Клара ҚАРАЖАНОВА, КІТАПХАНАШЫ:
Уақытша жаңбыр жауды көп кітап суға кеткен болуы керек. Қолымызға әлі ұстаған жоқпыз ғой. Жаңа технология, барлық дамып отырған заманда, қандай заманда, соғыстың заманында да мындай дәрежені, құлдық дәуірді көрген жоқпын. Естіген де жоқпын. Кітапханашы емес, бүкіл халық болып, сезонный, уақытша бір мекеме құру керек қой, уақытша мекеме.
Бірақ қала әкімінің орынбасары "кітаптар бүлінген жоқ, бюджетке бір тиын да шығын келмеді" деді. Естеріңізге салайық, бұған дейінгі жаңалықтарымызда- жаңартылған бағдарламаға көшкен 3 сыныптың 35 мыңдай оқушысы кітапсыз білім алғанын айтқан едік. Шенеунік кітаптың кешігуі тасымалдауға жауапты болған «Теміржолсервис» компаниясының кінәсі деп отыр.
Ұлықбек ТНӘЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Таңертең шығарып қойған дайындап. Машиналар отгрузка жасап жатыр. Бірнеше рейспен. Сол кезде жаңбырдың кесірінен кейбір кітаптар су боп қалды. Ешқандай келеңсіз жағдай деп айтуға болмайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желіге көрінген заттың нәрсені сала береді. Ол жерде ешқандай шығын келтірілген жоқ.