Жекешелендіру жоспарын Астана Халықаралық Қаржы Орталығының биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Бүгін орталықта биржаның негізгі акционерлерімен кездескен Елбасы осылай деді. Ал спикерлер салада атқарылған бірқатар жұмыс жайлы тарқатып айтты. Кейін Нұрсұлтан Назарбаев бұл орталықтың қызметін толық қолдайтындығын атап өтті. Әрі келешекте оларды ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын жеткізді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының биржасы арқылы жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Әрине біз әлемдік нарықтың ахуалын ескереміз. Сонда да, айқындап алған жоспарды біздің нарық, АХҚО арқылы жалғастыру қажет. Әрі әлемдегі халықаралық қаржы орталықтарының біздегі орталыққа деген сенімін нығайту маңызды.
А. Бектас