Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қ. Тоқаев: Елімізде егістікке жарамды 16,5 млн гектар алқап игерілмей жатыр

AstanaTV
17.09.2019ж. 20:00
4132
Қ. Тоқаев: Елімізде егістікке жарамды 16,5 млн гектар алқап игерілмей жатыр

Елімізде егістікке жарамды 16 миллион гектардан артық алқап игерілмей жатыр. Ал жайылымдық жерлердің тек 40 пайызы ғана мақсатты пайдаланылуда. Бұл жайында ел Президенті теріскейге жасаған сапары аясында хабарлады. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралаған Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен орақ науқанын бақылады. Ірі өндіріс ошақтарын аралады. Артынша ауыл және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайы сөз болған жиынға қатысты. Белгілі шаруа Геннадий Зенченконың айтуынша, бүгінде жас мамандардың саны бар, сапасы жоқ. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бітірген түлектер заманауи техниканы меңгермеген. Себебі, білім ошақтарындағы техника паркі әбден ескіріп қалған. Ал Қазақ агротехникалық университеті ректорының пайымынша топырақтың құнарлығы нашарлап кеткен. 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: 

Егістік алқаптарының 80-90 пайызында азот пен фосфордың құрамы өте төмен. Осының салдарынан шаруалар егінді әр гектардан шамамен бес центнерге кем алады. Топырақты құнарлату үшін тыңайтқыштарды көп пайдалану керек. Жерді қолданудың қатаң тәртібі болу керек. Қазақстанда бір гектар жерге тыңайтқыштың бес-ақ келісі себіледі.

Бүгінде ел аумағында тыңайтқыштарды өндіретін 12 зауыт бар. Алайда, олар отандық нарықтың тек 40 пайызын ғана қамтып отыр. Осыны айтқан мемелкет басшысы, минералды тыңайтқыштар бағытын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, бос жатқан жерлердің мәселесі де сөз болды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Еліміздегі жер қорын түгендеудің нәтижесінде 16.5 миллион гектар алқаптың игерілмей, бос жатқаны белігілі болды. Бұдан бөлек, прокуратура жүргізген тексеріске сәйкес, шаруашылықтарға тиесілі 37 мың жер учаскесі 5 жылдан бері кәдеге жаратылмай жатыр. Оның жалпы кадастрлық құны 702 миллиард теңгеден асады. Жерді тәркілеу жүйесін жетілдіру қажет. Ол үшін заңды өзгерту керек.

А. Құрманкин