Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Халықаралық Олимпиада комитеті Қытай брендін таңдады

AstanaTV
17.09.2019ж. 20:00
2130
Халықаралық Олимпиада комитеті Қытай брендін таңдады

Халықаралық Олимпиада комитеті өз қызметкерлеріне киімді Қытайлық компанияға тіктіретін болды. Ал, украиндық депутат Нұр-Сұлтанда, "Алтын алқаны" қанжығасына байлады. Спорт жаңалықтары келесі топтамада. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен күрестен әлем чемпионатында Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Жан Беленюк, "Алтын алқа" еншіледі. 28 жастағы депутат финалдық кездесуде әлемдік рейтингте 3-ші орындағы Венгрия балуаны Виктор Леринцті 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осымен екінші рет әлем чемпионы атанған депутат бүгін қайта Жоғары Радаға аттанып, жұмысына кірісті.

Ал қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий,146 келі қарсыласын алғашқы раундтың соңғы секундында нокаутқа жіберді. Мәскеуде өткен бокс кешінде ол кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бір спортшылар жұдырықтасып, біреулері күресіп жатқанда Халықаралық Олимпиада комитеті қызметкерлеріне қажетті киімге таңдау жасады. Олар бірнеше жыл киген ресейлік брендтен бас тартып, Қытай компаниясының тауарына таңдау жасаған. Енді бұл киім үлгілерін Токиодағы жазғы және 2022 жылы Пекинде өтетін Қысқы олимпиада ойындарында тамашалайтын боламыз.

Ә. Өмірзақ