Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Өгей қызын зорлап келген атыраулық 15 жылға сотталды

AstanaTV
19.09.2019ж. 20:00
2326
Өгей қызын зорлап келген атыраулық 15 жылға сотталды

Атырауда 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды. Азғын жасөспірімді былтыр қаңтардан бастап, 7 ай бойына зорлап келген. Ол жымысқы әрекетін үйінде, әйелі жоқ кезде іске асырып отырған. Ал, жәбірленуші қыз бала өгей әкенің қаһарынан қорқып, ешкімге тіс жармапты. Масқара жағдай жасөспірім жүкті болған кезде ғана жалпақ жұртқа жария болды. Анасы дереу дабыл қағып, полицияға шағым түсірген. Тексеріс кезінде сотталушы жасөспірімнің анасымен неке болғаны белгілі болды. Әйелінің алғашқы некедегі қызына, өгей әкесі өз тегін де беріпті. Одан өзге ортақ тағы екі қызы бар. Сот айыпталушыны 15 жылға қатаң режимдегі абақтыға қамауға үкім кесті. 

Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен 45 жастағы атыраулық азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Б. Нәдірқызы