Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Транссібір тасымалдар жөніндегі Үйлестіру кеңесінің» отырысы

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
2849
«Транссібір тасымалдар жөніндегі Үйлестіру кеңесінің» отырысы

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Транссібір тасымалдар жөніндегі Үйлестіру кеңесінің» Екінші отырысына 30 елдің, 250 астам делегаты қатысты. Теміржол, кемемен тасымалдау компаниялары, теңіз порттарының өкілдері жиында жүк тасымалдаудың түйткілді мәселелері ортаға салды. Кәрі құрлық пен Азия арасындағы сауданың дамуына үлкен үлес қосып отырған, саладағы тың жаңалықтар жайлы келесі бейнематериалда.

"Транссібір тасымалдар жөніндегі Үйлестіру кеңесі" халықаралық қауымдастығы өкілдерінің Нұр-Сұлтанда жиналуы тегін емес. Өйткені Еуропа мен Шығыс Азия елдеріне түрлі тауар экспорттайтын Қазақстан үшін теміржолдың маңызы зор. Жиналғандар сандық жүйеге көшуге күш салып отыр.   

Қанат ӘЛМАҒАМБЕТОВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ м.а.:  

Бұл қауымдастықтың елімізде алғашқы рет өтіп отырған отырысы. 30 елден 250-ге жуық делега келді. Алға қойған мақсаттарымызбен бөлісіп, алдағы бірнеше жыл ішінде жүктерді электронды пломбалау мәселесін кеңінен талқыладық. Теміржол арқылы қымбат жүктер жөнелтілетін болғандықтан, оны онлайн бақылап отыру қолайлы және қауіпсіз.

Транссібір дәлізі арқылы әлемнің көптеген елдеріне түрлі жүк жеткізіледі. Ал бұл ел экономикасы үшін маңызды. Сондықтан болар қауымдастыққа мүше болуға асығатын мемлекеттердің саны жыл сайын өсіп келеді.     

Дмитрий АНДРЮШИН, МӘСКЕУ қ.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жүк теңіз арқылы Қытайдан Еуропаға мәселен 50 күн жүріп барады. Бұл - бизнес үшін өте қолайсыз. Ал теміржол арқылы 7 не 10 күн ішінде жетіп қояды. Сондықтан қазіргі уақытта бәрімізге ең қолайлысы да, пайдалысы да осы теміржол болып тұр.

Айта кетейік, бұл қауымдастық осыдан 22 жыл бұрын құрылған болатын. Қазір оның құрамында алпауыт Қытай, Ресей, Жапония, Польша, Моңғолиясынды мемлекеттер бар. Мақсат ортақ, ол - ел экономикасын дамыту. Осы жиында қауымдастық атауын "Трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі Үйлестіру кеңесі" деп өзгертті. Оған іргесінің кеңеюі себеп болған.   

Ә. Өмірзақ