$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақтаудан Теңіз мұнай-газ кен орнына қашықтықтан басқару және бақылау-өлшеу аспаптары жеткізілді

AstanaTV
23.09.2019ж. 20:00
4062
Ақтаудан Теңіз мұнай-газ кен орнына қашықтықтан басқару және бақылау-өлшеу аспаптары жеткізілді

Ақтаудан Теңіз мұнай-газ кен орнына алғаш рет қашықтықтан басқару және бақылау-өлшеу аспаптары жөнелтілді. Жоғары технологиямен жабдықталған арнайы құрылғылар мұнай өңдеу процесін бастан- аяқ қадағалайды. Тың жобаны «Теңіз Шевройл» компаниясы арнайы тапсырыспен жасатқан.

"Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз" ЖШС "Темір Ат" өндірістік базасында қашықтықтан өлшеу құралдары бұған дейін болмаған. Дәл осы компания өткен жылдың маусым айында ғана «Теңіз Шевройлмен» 10 түрлі келісім-шарт жасасты. Бүгінде оның екеуі толығымен іске асқан.  

Мирко БОРГЕЗИ, "ҚАЗАҚСТАН КАСПИАН ОФФШОР ИНДАСТРИЗ" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік. Бұл жұмыс біздің мамандарымыздың, соның ішінде қазақстандық мамандардың дайындық деңгейін көрсетеді. Бақылау-өлшеу аспаптары «Теңіз Шевройл» компаниясына өндірістің барлық процесін бақылауға мүмкіндік береді.

Мирко Боргезидің айтуынша, бұл жетістік Қазақстанның жоғары сапалы, күрделі және көпфункционалды технологиялық модульдерін жасай алатын мүмкіндігінің барын көрсетеді. Яғни компания құрылысқа қажетті заттар, электро жабдықтар, жылу мен өрт сөндіру жүйелерін жасауға қауқарлы. 

  Мирко БОРГЕЗИ, "ҚАЗАҚСТАН КАСПИАН ОФФШОР ИНДАСТРИЗ" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Біздің компаниядағы 95 пайыздан астам жұмыс қолы жергілікті мамандардан тұрады. Бұл мұнай-газ саласының қажеттіліктерін қанағаттантандыра алатын жаңа, аймақтық өндіріс үшін жақсы бастама. Қазақстанның бұл саладағы өз дербестігін нығайтуға көмектеседі.

Мұндай нәтижеге "Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз" ЖШС, "Розетти Марино» компаниясының Қазақстандағы филиалы, ВУДКСС пен «Теңіз Шевройл» арасындағы тығыз әрі жемісті ынтымақтастық арқасында қол жеткізілген. Мирко Боргезидің айтуынша, қалған 8 келісім-шарт келесі жылдың наурыз айына дейін іске аспақ.   

А. Мүтәлі