Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алуға 292 млрд теңге жұмсады

AstanaTV
25.09.2019ж. 20:00
2284
Қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алуға 292 млрд теңге жұмсады

Қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алуға 292 млрд теңге жұмсаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 51 млрд теңгеге төмен. Ақпаратты LS порталы Ұлттық Банкке сілтеме жасай отырып хабарлады. Доллар саудасы бір жыл ішінде 20 пайызға төмендеген. Айырбастау пункттері 196,4 млрд теңгеге АҚШ ақшасын сатты. Ал Ресей рублі 25,1 млрд теңгеге, еуро 70 млрд, ал юань - 37,7 млн теңгеге саудаланған. Долларды көбіне алматылықтар сатып алыпты. Одан кейін Шымкент, Атырау, Қарағанды облысының тұрғындары Америка ақшасына қызығушылық танытқан. Алматы еуро сатып алудан да көш басында тұр. Кейінгі орынға елорда мен Шымкент тұрғындары жайғасты. Ал Ақмолада халық еуро алуға небары 6 млн теңге жұмсапты. Ресей рублін шығыс қазақстандықтар көп алса, ақтөбеліктер юань сатып алуға басымдық берген.

А. Бектас