Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, - Елбасы

AstanaTV
25.09.2019ж. 20:00
1646
Қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, - Елбасы

Ғаламтордағы елдің ішкі тыныштығын бұзатын ақпараттарға тосқауыл қойылмақ. Үкіметке бүгін Елбасы қауіпсіздік кеңестің отырысында тапсырма берді. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ақпараттық қауіпсіздікке бей-жай қарауға болмайтынын ескертті. Осы мәселе негізінде басқа елдердің тәжірибесінен үйрену керектігін айтты. Сонымен бірге, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ақтөбе облысының транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың жекелеген аспектілеріне назар аударды. Аймақта кәсіпкерлік пен адам капиталын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігіне тоқталды. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бұрынғы бізге белгілі радио-телевидения, журналдар емес, интернеттің ішіндегі информация барлығынан көп болып келе жатыр. Бір жағынан жақсы бұл халыққа, көп мәлімет береді үйретеді, оқытады. Екінші жағынан кейбір келеңсіз, елге зиян келтіретін, елдің ішін бұзатын мәселелер де бар.