Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда аутизм дертіне шалдыққан балалар инклюзивті кабинеттерде білім алады

AstanaTV
26.09.2019ж. 20:00
2143
Қазақстанда аутизм дертіне шалдыққан балалар инклюзивті кабинеттерде білім алады

"NUR OTAN" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елордада орналасқан № 71 мектеп-лицейдегі инклюзивті кабинет жұмысымен танысты. Қазір бұл кабинетте 14 бала білім алады. Балалардың әрқайсысына жеке тюттер бекітілген. Олар оқушыларының жеке қабілетін анықтап, оны дамытуды көздейді. Бауыржан Байбек ерекше күтімді қажет ететін балалар, өздерін толыққанды қоғам мүшесі ретінде сезінуі үшін мұндай кабинеттердің санын арттыру керектігіне тоқталды.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет мектептер мен балабақшаларды салуға көп көңіл бөліп жатыр. Жақында ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай ғимараттар жеткілікті, енді адамдарды қолдау керек. Оларды ынталандыру керек. Сонда ғана дамимыз. 

Қазақстанда 35 мыңнан астам бала аутизм дертіне шалдыққан. Оларға білім беру үшін елде 43 инклюзивті кабинет жұмыс істейді. Оның қызметін 450 бала пайдаланады. Биыл тағы 20 кабинет ашу жоспарда бар. Бұл бастама «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Елорда тұрғыны Қаламқас Шәйкенова да баласы Аймұхамедті осы мектепке әкеледі. Ол баласының қазір қатарластарынан қалмауға тырысып жүргенін айтты. 

Қаламқас ШӘЙКЕНОВА, ТҰРҒЫН :

Басқа балаларға қарап, оларға еліктеп, олардың жасайтындарын жасайды. Мекетпке келгенге дейін тек әріп білетін болса, мекетпке келгелі басқа да пәндерді игерді. Тіпті денешынықтыруға өзі барады.  

Ғ. Өтемісов