Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қамауға алынған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен босатылды

AstanaTV
26.09.2019ж. 20:00
2481
Қамауға алынған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен босатылды

Алматыда анестезиолог Асқар Тұңғышбаев та қолхатпен босатылды. Дәрігер полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң қамауға алынған. Ал кеше бостандыққан шыққан Қанат Тезекбаевтың изоляторда шашын тақырлап тастаған. Бас дәрігердің жұбайы "іштегілер сотсыз жазалаған" деп ашынып отыр. Әсем Лесбек тарқатады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Алматыдағы білдей бір ауруханының анестезиолог-дәрігері Асқар Тұңғышбаев кеше түнде тергеу изоляторынан қолхатпен босатылды. Ал бас дәрігер изолятордан кешкі сағат 5-тер шамасында шыққан. Бұған Президентке бас дәрігердің әйелі жазған ашық хаты себеп болыпты.

Алайда тергеу изоляторында 18 сағат қамауда отырған дәрігердің жағдайы жақындарын қуанта қоймады. Күйеуінің қандай күйде шыққанын жұбайы Дина Тезекбаева қорқынышпен еске алды.  

Дина ТЕЗЕКБАЕВА, ҚАНАТ ТЕЗЕКБАЕВТЫҢ ЖҰБАЙЫ: 

Күйеуімнің тергеу изоляторынан шыққан кездегі түрін айта алмаймын. Көзіме елестетсем қорқамын. 18 сағат қамауда отырған оның шашын қырып тастаған. Еш сұрамастан. Бұл дегеніміз күдікті ретінде емес, кінәлі адам деп қарағандары ғой.

Осылайша, медицина саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар дәрігерді жақындары «сотсыз жазалаудың» құрбаны болды, дейді. Ал үш апта қамауда болып, бостандыққа шыққан анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты емделушілері де сарыла күткен. 

Сәбира ДАУРАНБЕКОВА, АСҚАР ТҰҢҒЫШБАЕВТЫҢ ПАЦИЕНТІ: 

Не сұмдық мынау? Төрт жыл ауырып жүрдім маған диагноз қоя алмай былтыр рак ауруын қойды. Кейін мен фейсбукка жаздым маған көмек беріңіздерші, мен өлетін халге жеттім деп. Маған бірінші болып Асқар Тұңғышбаев келіңіз сізге көмек беремін деді. Сегіз сағат операция соның бәріне Асқар жүгірді.

Қос дәрігер де қолхатпен босатылып отыр. Демек, оларға тағылған айыпты әлі ешкім алып тастаған жоқ.   

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ: 

Еске салайық, бұл оқиға тамыз айында көз жұмған қалалық Полиция Департаменті бастығының ұлы көз жұмған соң болды. Квадроциклмен жол апатына түскен марқұм Нұрсұлтан Күдебаевқа қаладағы нөмірі төртінші ауруханада ота жасалды. Бірақ кейін Германияға жөнелтіліп, сонда қайтыс болған. Марқұмның жақындары оның өліміне бас дәрігер Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты кінәлап отыр.

Ә. Лесбек