Алматыда «Жас Отан» жастар қанаты халық көп шоғырланған жерден «Кеңес Орталығын» ашты. Қаладағы базарлардың маңында орналасқан орталық жастарға тегін қызмет түрлерін көрсетпек. Дәлірек айтсақ, мекеме азаматтарға жұмыспен қамту, үй мәселесі және мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңестер ұсынады. Әрі медициналық көмек пен қаладағы бос жұмыс орындары бойынша ақпарат ала алады. Игі шара партияның «Шексіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылған. Орталық қызмет түрлерін әр аптаның бейсенбі күндері көрсетеді. Ұйымдастырушылар мұндай кеңес орталықтарын халық көп шоғырланған жерлерде ашуды жөн көрдік дейді.
Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Базардағы жас жұмыскерлер таңның атысы күннің батысына дейін жұмыста болады. Қиындық туындайды қалаға шығуға. Керісінше енді біз осы жерге келіп осы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
Ә. Лесбек