Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елордада ПИК қызметкерлері пошташы қызметін де атқара бастады

AstanaTV
30.09.2019ж. 20:00
3129
Елордада ПИК қызметкерлері пошташы қызметін де атқара бастады

Кызметкерлері пошта қызметін де атқарып жатыр. Хат тасуға көшкен мекеме қазір 44 үйдің хат-хабарын жеткізіп жүр. Пилоттық жоба әзірге елордада ғана іске қосылды. Мұндай жаңашылдық астаналық пошташылардың жұмысын жеңілдетіп, хаттардың жедел жетуіне жол ашып отыр.  

Людмила Дьяченко пәтер иелері коперативінде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1 ай бұрын пошта тасу қызметін де атқаруға көшкен. Күніне 40-қа жуық хат таратады. Мектеп пен бала-бақшаларға газет-журналдар жеткізеді. Айтуынша, екі жұмысты қатар алып жүрудің еш қиындығы жоқ.

Людмила ДЬЯЧЕНКО, ПИК ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жұмысымның көбейгені рас. Бірақ ол өзімнің негізгі міндетімді атқаруға кедергі келтірмейді. Хатты түскі уақытта таратамын. Үйлерінде болмаған жағдайда, осы мекен жай бойынша тіркелген пәтер иесіне хабарласам. Ол арқылы хатты алушы адамның бар-жоғын анықтаймын. Ол жерде тұрмайтын жағдайда, поштаны кері қайтарам. Көбіне кешкілік уақытта хат таратқан ыңғайлы. Себебі, адамдардың барлығы үйінде болады.

Пилоттық жоба тамыз айында іске қосылған. Одан бері қала ішінде 1 500-нан аса хат таратылған. Пәтер иелері кооперативімен ынтымақтастық нәтижесін берген соң, "Қазпошта" хаттың 80 пайызын осы мекеме арқылы жеткізуді құп көріп отыр. Қазірдің өзінде қосымша табыс тапқысы келген 11 қызметкерді жалдамалы жұмысқа да алған. Бұл пошташылардың міндетін әлдеқайда жеңілдетіпті.

Бағлан ОРАЗБАЙ, "ҚАЗПОШТА" АҚ АСТАНА ПОЧТАМТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің пошта қызметкердерінің уақыты таңғы 9-дан, кешкі 4-ке дейін болады. Бізде Нұр-сұлтан қаласында бәрі жұмыспен қамтылғаннан кейін, олардың барлығы ол уақытта үйлерінде болмайды. Ол уақытта почтальон жеткізу барысында, үйінде болмағанан кейін, тапсыру пайызы төмендеді. Жетпей қалатыны анықталған жоқ. Бірақ кеш жететін уақыттар болды.

Қазпошта" қазан айында тағы 3 ПИК-пен келісімшартқа отырмақ. Ал жыл соңына дейін оның санын 15-ке жеткізуге ниетті. Пилоттық жоба өзін-өзі ақтаса, пошташылар қаладағы хат жеткізу қызметін толықтай ПИК қызметкерлеріне тапсыруды көздеп отыр.

А. Мүтәлі