Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде көпбалалы отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Ақтөбеде көпбалалы отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Ақтөбеде көпбалалы отбасы баспанасыз қалуы мүмкін. Гүлдариға Құлданова 20 күн бұрын үш бөлмелі үйге кіріп, қоныстой жасап үлгерген. Енді банк қызметкерлері үйді банкке қайтаруды талап етіп отыр. Айтуларынша көпбалалы отбасыға басқа пәтердің кілті табысталған. Бақыт Рахметова мәселеге үңіліп көрді.  

Гүлдариға Құлданова көп балалы ана ретінде «Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алған. Сол кезде пәтер кілтін салтанатты түрде қала әкімі Мавр Абдуллиннің өзі табыстапты. Көп жылдар бойы күткен баспанасына қол жеткізген отбасы пәтерге кіріп, қоныс той тойлаған. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмапты. Банк қызметкерлері үйді қайтару керек деп хабарласқан.

Гүлдариға ҚҰЛДАНОВА, ТҰРҒЫН:

Мен қай жаққа барамын қазір. Ноябрдің 30 дайын болады дейді. Енді менің данный момент баратын жерім жоқ. Далада қалып тұрмын. Тумаларым зат алып берді. Кредитке неге подаркамыз деп.

Келіншек жолдасы екеуі отбасында төрт баласымен қатар ата-енесін бағып отыр. Енесі бірінші топ мүгедегі екен. Ал әу баста түсінбей дал болған жас анаға әкімдіктегілер банктің шешімі осы депті.

Гүлдариға ҚҰЛДАНОВА, ТҰРҒЫН:

Бірінші акиматтан звондады. Үйдің кілтін ал деп. Кілті алғанда Ерлан Рамазановқа да Айсұлу дейтін қыз болды соған да айттым мынау 161 пәтер ғой үшінші микрорайон ғой деп. Апа сізге значить осы үй беріліп тұр дейді. Себебі баста осыны брондағансыз. Осы үйді сосын 4 микрорайонға алмастырғансыз. Сізге положено осы үй сізге деді.

Анықталғандай, Гүлдариғаға іс жүзінде НұрАқтөбе 19 үйдің 161 пәтерінің кілтін берген. Бірақ құжат жүзінде басқа Нұрақтөбе 17 үйдің мекен-жайы көрсетілген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер бұл жағдайдан хабардар.

Жанболат САЛМЕНОВ, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір қай себепті сондай қателік кеткенін біз қазір қарастырып жатырмыз. Қай құжатта қате кеткенін. Ондай мүмкіндік болса үй ауыстыратындай сол варианты да қарастырайық. Көрейік қандай вариант болады. Сол жағында шешуге тырысамыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Енді ауысып кеткен пәтер иесіне қайтарыла ма? Әлде осы қоныстанған үйі иелігінде қала ма әзірге белгісіз. Бірақ жас келіншек көшіп барған үйін өзіңде қалдырғанын қалайды.

Б. Рахметова