Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Түркістан тұрғыны түрмеге телефон кіргіземін деп қамалып қалды

AstanaTV
02.10.2019ж. 20:00
4493
Түркістан тұрғыны түрмеге телефон кіргіземін деп қамалып қалды

Түрмеге тыйым салынған заттарды тасу тыйылмай тұр. Биылдың өзінде Шымкентте 20 шақты дерек тіркелген. Ағасына есірткі апарды деп айыпталған жігіттің өзі енді 5-8 жылға сотталуы мүмкін. Түрмедегілерге тыйым салынған зат тасығандар арасында жөргектегі сәби жаялығын пайдаланғандар да бар.

Түркістан облысы тұрғынының түрмедегі туысымен кездесем деген ниеті заңсыз әрекетпен аяқталды. Ол ағасына қалта телефоны мен есірткі алып кірмек болған. Түзеу мекемесіндегілерге оның тексеру кезіндегі қатты қобалжуы бірден сезік тудырыпты.

Мақсат ОРАЗБАЕВ, «ИЧ -167\9» ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол кезде аяқ киімін шешіп тексеру барысында аяқ киімін шешкен кезде ұялы телефон смартфон, екінші аяғынан бір наушник, сим карта, марихуанаға ұқсас шөптер анықталған. Сол күдікпен сол жерде ұсталып, Төлеби аудандық полиция бөлімінен жедел топ шақырылып тәркіленді.

Күдікті қазір уақытша қамауда отыр. Ал ағасы бауырына ешқандай зат сұратпадым деген жауаппен жазадан тыс қалды. 

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті қазіргі таңда қамауда. Ал аталған жәйт бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. ҚР ҚК 24 бабына сәйкес ол «қылмысқа дайындау және қылмысқа оқталу» және де 297 бабы бойынша есірткі психтроптық заттарды, сол текстестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу» баптарымен тіркелді.  

Бұл бап бойынша оған бес жылдан он жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

«ИЧ -167\9» түзеу мекемесіндегі бұл биылдыққа алғашқы факт. 2017 жылы да бір жағдай тіркелген екен. Қауіпсіздігі жоғары мекеме басшысының мәліметінше анасы сотталған ұлына заңсыз жолмен ақша алып өтпекші болыпты. Ол 5 мың теңгені аяқ киіміне жасырған. 

Түзеу мекемелеріне тиым салынған заттарды алып өту фактілері аз емес. Мәселен, жуырда Алматыда сотталған адам инстаграм желісін ашып, онда өз шағымдарын жариялап отырған. Бұл жәйт жабық мекемеге рұқсат етілмеген дүниенің жасырын кіргізілгенін айғақтайды. Қулығына құрық бойламайтындар оны алып кіруде әртүрлі құйтырқылықтарға барып жатады. Шымкенттің өзінде биылдыққа 19 жәйт тіркелген. Сотталғандардың туыстары сырттан көбіне есірткі, ақша, ұялы телефон және түрлі кескіш заттарды кіргізуге оқталады екен.

Шәймерден ЕСЕНГЕЛДИЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қауіпсіздігі аралас мекемесіне екі рет, бір рет сәлем-сауқат арқылы есірткі затын алып өтпекші болған. Екінші рет өзінің әйелі кішкентай бөпесінің киіміне орап, марихуана есірткі затын алып өтпекші болған деректер орын алды. Оның алдын бойынша қазіргі таңда мекемелерде бақылау өткізу бекетінде барлық заттары түгелімен тексеріледі.

Түрмелерде қалта телефонын қолданып жүрген жерінен ұсталғандар аз емес. Оларға смартфонды қақпаның сыртынан лақтыратын жайттар жиі болады екен. Түзету мекемелеріндегі бұл келеңсіздікке жол бермеу үшін күзет қызметі күшейтілмек.

А. Төребекқызы