Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қостанайда көпірден секірген әйелге қатысты тергеу басталды

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:00
2398
Қостанайда көпірден секірген әйелге қатысты тергеу басталды

Қостанайда көпірден секіріп көз жұмған әйелге қатысты тергеу амалдары басталды. Полицейлер оның жеке басын анықтау үстінде. Кезекші бөлімге суыт хабар сағат оннан он алты минут кеткенде түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы Тобыл өзенінен әйелдің денесін шығарды. Қазіргі уақытта марқұмның жеке мәліметтері анықталып жатыр.  Полиция өкілі «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу шаралары басталғанын хабарлады.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Оқиға орнында яғни, Тобыл өзенінің бойында белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Белгілі болғандай әйел суицид жасаған. Ол қаладағы үлкен көпірден секіріп кеткен. Қазіргі таңда әйелдің жеке тұлғасы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


З. Санай