Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Нью-Йоркте Қазақстандық 4 жастар қызды ит қауып алды

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:30
2287
Нью-Йоркте Қазақстандық 4 жастар қызды ит қауып алды

Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі кеңесшісінің 4 жасар қызын питбуль тұқымды ит қауып алды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров растады. Оқиға 2 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 8-де Ривердейл аймағында болды. Балаға шабуыл жасаған ит шынжырсыз, тұмсық торсыз болған. Бала анасымен бірге балабақшаға бару үшін үйінен шығып жатқан сәтте таланған. Оны арашалуға сол маңда өтіп бара жатқан ер кісі көмектескен.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Баланың беті мен мойыны жарақаттанған. Зардап шегуші Бронкс аудандық «Jacobi Hospital» ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер ота жасады, қазір баланың жағдайы қалыпты. Ал жергілікті полиция өкілдері тергеу амалдарын бастады. Қыздың отбасы ит иелерін сотқа бермек. Қажетті көмекті Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы көрсетеді.