Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстандық металлургтер шикізат тапшылығына шағымданды

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:00
2363
Қазақстандық металлургтер шикізат тапшылығына шағымданды

Металлургтар елдегі шикізат тапшылығына шағымданды. Сала өкілдері бұл мәселе көршілес Ресей мен Өзбекстанда металл бағасының жоғары болуынан туындап отыр,-дейді. Олар "Nur Otan"партиясының  республикалық қоғамдық қабылдау алаңында Әлихан Смайыловқа өз ұсыныстарын жеткізді. Кәсіпкерлер түсті металлды шетелге экспорттауға тыйым салу керек деп отыр. Олардың ойынша бұл шикізатты ел аумағында қалдыруға оң әсер етпек. Ал Премьер-минстрдің бірінші орынбасары металл қалдықтарын жинау бойынша лицензия енгізу керектігін айтты. Мұндай шара елдегі шикізатты уақытша бақылауда ұстауға көмектеседі деп санайды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Шетелге шығатын ломның көлемі қысқарады деген. Сондықтан әзірше осындай шешім қабылдайық. Дегенмен комитет бәрібір бұйрық дайындайды запрет бойынша. Бірақ оны талқылауымыз керек. Себебі, бір жағынан сіздер барсыздар, екіншіден ломасборщиктің ассоциация бар. Олар да біздің Қазақстандық азаматтар. Олардың да пікірі бар. Олармен де бір компромисске келуіміз керек. 



Г. Утемисов