Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы 122,5 млн теңгеге сатылмақ

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:00
2919
Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы 122,5 млн теңгеге сатылмақ

Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы сатылмақ. Кешеннің бастапқы құны 122 жарым млн-нан асып жығылды. 2014 жылдан бері қаңырап бос тұрған түзету мекемесі жазасын өтеушілердің аздығынан жабылып қалған. Бір айта кетерлігі, мұнда туберкулезге шалдыққан  қылмыскерлер жазасын өтепті. Бұған дейін түрмеде 124 сотталушы болған. Оның барлығы басқа абықтыларға жіберілген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, аукцион 15 қазанда электронды түрде жүргізіледі.  Қамау мекемесі 24 нысаннан құралған. Оның ішінде жатақхана, асхана, әкімшілік корпустармен қатар қоймалар да бар.  Жалпы аумағы 10 мың шаршы метр.

Ләззат ЕСТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Егер бұл күні сатылмаса, 20 жұмыс күннен кейін бағаны төмендету әдісімен жүргізіледі сауда саттық. Яғни, мұнда баға 50 пайызға дейін төмендеу мүмкін. Егер, сол кезде де сатылмаса, онда үшінші рет бағаны төмендету әдісімен қойылады. Онда ең төменгі баға белгіленбейді.

О. Қуанар