Қарағанды облысында жүзден астам суқоймаға асыл тұқымды балық шабақтары жіберілді. Босап қалған тоғандарды құрып кеткен тірі балықтармен толтыру көзделіп отыр. Қарапайым халық суқоймалардың көбінен балықты тегін аулауға мүмкіндік алады.
Феодоров суқоймасы Қарағанды облысындағы ірі тоғандардың бірі. Броканьерлердің кесірінен мұнда балық азайып кеткен. Бұл проблеманы мемлекет енді ғана қолға алды. Суқойма тазартылып, санитарлық жағдайы қалыпқа келтірілген соң тұңғыш рет 180 мыңнан астам жылтыр тұқы шабақтары жіберілді.
Ресейден әкелінген Алтай тұқысының шабақтары көктемнен бері өсірілген. Мамандардың айтуынша, ол Орталық Қазақстанның аязына төзімді, бейімделгіш әрі тез көбейеді.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Арнайы шаруашылықта өсірілген бұл шабақтардың салмағы қазір небәрі 25- 50 грамм. Алайда оларды еркіндікке жіберу үшін осының өзі жеткілікті. Шабақтар қысқа дейін табиғатқа бейімделіп үлгереді. Ал екі жылдан кейін олардың салмағы бір, бір жарым келіге дейін жетеді екен.
Әсет ТАЗАБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы уақытта ауаның темперетурасы 5-10 градустан аспау керек. 180 нен енді жоспар бойынша нормативтер бойынша 70 пайызы арықарай өмір сүріп кетуі тиіс.
Абай ӘЛЖАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл балдырлы аумақ. Сондықтан шабақтар балдырларды паналап қыстап шығады. Дегенмен, шортан, мөңке, көксерке секілді жыртқыш балықтардың жеміне айналуы да табиғи құбылыс. Бірақ ортаға бейімделгендері арықарай өседі. Оларды келесі күзде де аулауға болмайды. 400-500 грамм кішкентай балықтар құрыққа ілінсе, босатып жіберу керек.
Табиғатты қорғау инспекторларының айтуынша, бұл суқоймаларда аумен балық аулауға болмайды. Ол жәндіктердің құруына әкеліп соғуы мүмкін. Өйткені, бүгінгі шабақтар 4 жылдан кейін ғана ұрық шашады.
Николай ПАСЕЧНЫЙ, ӘУЕСҚОЙ БАЛЫҚШЫ:
Бізде облысты мұндай балық жоқ деуге болады. Көбінесе көксерке, шортан аулап келдік. Әрине, шабақтар өскенше ауламаймыз. Тек браконьерлер осыны тыңдаса жақсы, өсіп- өнбей жатып құртпаса екен.
Қазір аймақта балық саудасы да кенже қалған. Енді суқоймасына жіберілген шабақтар бұл проблеманы да шешуі мүмкін.
Денис МУШТАКОВ, «ҚАРАҒАНДЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Балықтың жауы - браконьерлер. Оларды инспекторлар қадағалайды әрине. Бірақ олардың техникалық жабдығын жақсарту керек. Мұнымен қоса әкімдік суқоймаларды балықтандыруды үздіксіз жүргізуі тиіс. Өйткені жылдар бойы біз жәндіктерді құртып алдық. Суқоймада балық азайды деген сөз суы ластанды деген сөз. Балығы бар суда күкірт қышқылы, метан аз бөлінеді. Қысқасы балықтар суды тазартады.
Енді жүзден астам суқоймаға асыл тұқымды балық шабақтары жіберілу көзделген. Мамандар есебінше, жасанды жолмен балықтандыру 4-5 жылда нәтиже бермек.
А. Қуаш